×

Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты Жем көпірі жабылды

 Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылған

Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты Жем көпірі жабылды
Сурет: Бейнеден кадр

Ақтөбе облысындағы Ембі арқылы өтетін көпір су тасқынына байланысты жабылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелді. 2025 жылғы 18 наурыз таңғы 07:00 шамасында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы 100 метрді, ал биіктігі 50 см құрады. Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр” , – делінген ҚазАвтоЖол хабароламасында.

Қазір су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты
Бүгін, 14:15

Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты

Марқұм сол аумақтағы кеңселердің бірінде бухгалтер қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша куәгердің бірі сотталушы Ернар Жиембаймен сөйлескен сәтін айтып берді
Шымкентте Руслан Берденовтің сотында кезекті куәгерлер жауап беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →