Оқиғаға Алатау ауданында 20:50 шамасында орын алған
Алматыда Мопед жүргізушісі бетон құятын жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бұл жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Алатау ауданында 17 наурыз кешкі сағат 20.50-де шамасында болды. Мопед жүргізушісі Монкеұлы көшесімен батыс бағытта жүріп бара жатып, "Қарасу" шағын ауданында Сүмбіле көшесімен қиылыста "жол бер" деген жол белгісі болғанына қарамастан қиылысқа шығып, солтүстікке қарай келе жатқан "Хово" маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан мопедтің 19 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды", – делінген полиция хабарламасында.
Қазір полиция адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.