×

Ақтауда жасырын есірткі зертханасы әшкере болды

52 жастағы ер адам ұсталды

Ақтауда жасырын есірткі зертханасы әшкере болды
Фото: polisia.kz

"Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасырын фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тексеру барысында оның күртесінің қалтасынан қойма кілттері табылды. Анықталғандай, күдікті сол қоймада есірткі затына жататын өсімдіктерді заңсыз өсірген.

Жиһаз цехының қойма ғимаратын тексеру кезінде мына заттар тәркіленді:

  • есірткі қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы;
  • 11 сіріңке қорабына салынған марихуана тұқымдары;
  •  электрондық таразылар;
  • өсімдіктері бар 14 гүл құмырасы;
  • 35 түп марихуана;
  •  35 жарық шамы;
  • 3 желдеткіш;
  •  1 термометр;
  • тыңайтқыштар;
  • 2 ауа тартқыш құрылғы.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің құрамында есірткі заттары бар.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түрікменстанда президент кортежінің кесірінен жүкті әйел көз жұмды
Бүгін, 11:42

Түрікменстанда президент кортежінің кесірінен жүкті әйел көз жұмды

Әйел ауруханаға жете алмай, жолда қайтыс болған
Келес ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →