×

Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті

Қылмыстық іс 3 наурызда сотқа жолданған

Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті
Фото: ашық дереккөзден

Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыстық іс 3 наурызда сотқа жолданған.

- Агенттік бұрынғы әділет министрі Бекетаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемде қаржы жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді, деді Антикор.

Айта кетейік, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталған. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.

Бас прокуратура Бекетаевты елден қашпақ болғанда ұсталғанын айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →