×

Қайғылы жағдай. Асқар Жұмаділдаевтың анасы өмірден өтті

Бұл туралы SDU University-дің баспасөз қызметі мәлімдеген

Қайғылы жағдай. Асқар Жұмаділдаевтың анасы өмірден өтті
Ашық дереккөз

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы вице-президенті, академик, белгілі қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаевтың анасы өмірден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы SDU University-дің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күлшат апамыз – алтын құрсақты, парасатты ана ретінде ұрпағына өнегелі өмірінің жарқын үлгісін қалдырды. Ол өз бойындағы еңбекқорлық, мейірім мен шынайы махаббат қасиеттерін балаларына сіңіре білді. Бүгінде оның ұрпақтары – еліміздің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген адал әрі еңбекқор азаматтар. Әсіресе, Жұмаділдаевтар әулетінің SDU университетіне сіңірген еңбегі зор, делінген хабарламада

Академиктің анасы ұрпағына тек ізгілік пен парасаттылықтың үлгісін көрсеткен абзал ана артына мәңгілік өшпейтін мұра қалдырған.

Осындай ауыр сәтте Асқар ағаға және жақын туған-туысқандарына сабыр мен күш-қуат тілейміз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! – делінген мәліметте.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 
103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →