Оқиға 23 наурыз күні кешке болған
Ақтөбе облысының Кандыағаш қаласында екі бірдей кішкентай баланың өліміне байланысты олардың туған анасы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Жәбірленушілер — 11 айлық сәби мен 3 жасар бала. Олардың анасы, 1996 жылы туған Атырау облысының тұрғыны, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды",– делінген полиция мәлімдемесінде.
Алдын ала болжам: босанғаннан кейінгі депрессия
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті әйел босанғаннан кейінгі психологиялық күйзелісте болған деген болжам бар. Бұл психологиялық жағдай кей әйелдерде бала туғаннан кейін байқалып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Дегенмен, тергеу бұл мәліметтерді әлі нақтыламады, тиісті сараптамалар тағайындалған.
Полиция басшылығы істі жеке бақылауына алды
Ақтөбе облыстық полиция департаменті істі ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға құқық қорғау органдарының, психолог мамандардың және әлеуметтік қызметтердің назарында ұстап отыр.
Мамандар не дейді?
Психолог Гүлмира Қасымқызы бұл жағдайды аналардың психологиялық денсаулығына жеткілікті деңгейде мән бермеудің салдары деп бағалайды:
«Босанғаннан кейінгі депрессия — бұл өтпелі емес, нақты психикалық ауытқу. Өкінішке қарай, қоғамда мұндай жағдайларға көбіне түсіністікпен қаралмайды, аналар жалғыз қалады. Мұндай трагедиялар аналарға қолдау мен көмек көрсетудің маңызын тағы да еске салады",– делінген хабарламада.
Мамандар бұл мәселеге кешенді тұрғыдан қарау қажеттігін алға тартып, медицина, психология және әлеуметтік қолдау жүйелері арасындағы өзара байланыс күшейтілуі тиіс деп отыр.