×

"Алматы Су" кәсіпорнының департамент директоры сотталды

Сот үкім шығарды

"Алматы Су" кәсіпорнының департамент директоры сотталды
Видеодан скриншот

Биыл 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының Күрделі құрылыс департаментінің директоры М. Жолдыбаевты шартты түрде соттаған еді. Ал, бүгін ол сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

Алдыңғы сот отырысында айыпталушы орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен Жолдыбаев 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айырылған.

Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →