×

Ақтөбеде полицей қызметтік қарудан танысына оқ атқан

Оқиға 25 наурызға қараған түні болған

Ақтөбеде полицей қызметтік қарудан танысына оқ атқан
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде полиция қызметкері қызметтік қарудан танысына оқ атты. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 25 наурызға қараған түні болған. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, құқық қорғау органы қызметкері қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда қызметтік қарудан оқ атқан.

"Нәтижесінде оның танысы жарақат алды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 371-бабы ("Салғырттық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Полиция қызметкері қызметтік міндетінен уақытша шеттетілді, ал тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің бақылауында.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленушінің жағдайы тұрақты, ол ауруханада ем алып жатыр.

"Науқас 25 наурызда оқ жарақатымен түсті. Оған алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жер сілкінісінің ошағы қайда екені айтылды
Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы – Астана қаласы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →