×

Қостанайлық бір бөлмелі пәтерде жас баланы аяусыз қатыгездікпен өлтірген

Бала кәмелет жасына толмаған

Қостанайлық бір бөлмелі пәтерде жас баланы аяусыз қатыгездікпен өлтірген
Сурет: ашық дереккөзден

Қостанай қаласының тұрғыны бір бөлмелі пәтерде мас күйінде кәмелетке толмаған жас баланы асқан қатігездікпен өлтіргені анықталды,

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы мәлімдеді.

“Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қостанай облысының Прокуратурасы Қостанай қаласында кәмелетке толмағанадамды өлтіру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті . Тергеу барысында 2025 жылғы 9 қаңтарда бұрын бірнеше рет сотталған Қостанай қаласының тұрғыны бір бөлмелі пәтерде мас күйінде болған кезде бірге тұратын әйелінің кәмелетке толмаған ұлын аса қатыгездікпен өлтіргені, содан кейін соңғысын ұрғаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекеттері қылмыстық кодекстің 99-бабы 2- бөлігінің 3), 5), 14) тармақтары, 108-1-бабы 1-бөлігі (аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру, кінәлі адам үшін дәрменсіз күйдегі көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты және денсаулығына жеңіл зиян келтіру) бойынша сараланады. Қылмыстық іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Айыптау баптарының санкциясы бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейінгі жазаны не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады
Кеше, 15:23

Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады

Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін сотта денсаулығы жайлы да алыпқашпа әңгімелерге жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзін атқан Ернар Жиенбайдың әйелін мүлде танымайтынын, оның парақшасына лайк баспағанын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →