ҚР ТЖМ "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 03 сағат 42 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің сезілуі туралы мәліметтер (балл):
- Алматы қаласы – 2.0 б.
- Мерке ауылы – 5.0 б.
- Құлан ауылы – 4.0 б.
- Шу қаласы – 2.0 б.
- Төле би ауылы – 2.0 б.
- Сарыкемер ауылы – 2.0 б.
- Тараз қаласы – 2.0 б.
- Қордай ауылы – 2.0 б.
- Аса ауылы – 2.0 б.
- Мойынқұм ауылы – 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда) – көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.