×

Кәрім Мәсімовтің үйі екінші аукционда да сатылмай қалды

Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы – Астана қаласы

Кәрім Мәсімовтің үйі екінші аукционда да сатылмай қалды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің бәссаудаға қойылған Астанадағы заулім сарайы тағы сатылмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

28 наурыз күні сағат 10:00-де жоспарланған аукционда бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болатын үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеді.

Сатып алушылардан 117,9 млн теңге көлемінде кепілдік жарна талап етілген. Алайда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін сатып алушы табылмады.

Айта кетейік, бұл үй 25 ақпанда да бәссаудаға қойылып, алайда сатылмаған.

Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы – Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат. Үйдің жалпы ауданы — 2877,7 шаршы метр, оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, сарайдың жалпы жер аумағы 0,9475 гектар және қосымша 0,2713 гектар жер телімімен толықтырылған.

Құжаттарға сәйкес, онда ресепшн, бассейндер, бильярд бөлмесі, бірнеше көлік тұрағы және ондаған бөлме бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →