×

Теміртауда бұзақылар қарияны өз үйінде баса-көктеп кіріп, тепкілеп тастады

Қарияның жақындары қайтыс болған, арқа сүйер ешкімі болмаған

Теміртауда бұзақылар қарияны өз үйінде баса-көктеп кіріп, тепкілеп тастады
Сурет: Бейнеден кадр/скриншот

Теміртау қаласында қала бұзақылары жалғыз тұратын қарияның үйіне кіріп, ұрып соққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы abdulla_kzkz инстаграм аккаунты оқиғаның бейнежазбасымен бөлісті.

Тұрғындардың айтуы бойынша, бұзақылар қарияның үйіне біз электрикпіз деп есігін алдап ашқызған, үйіне баса көктеп кірген бұзақылар қарияның әлсіздігін пайдаланып оны ұрып соғып видеоға түсірген.

Бейнежазбадан байқағанымыздай бұзақылар қарияның басынан бірнеше рет отырғанда, жатқанда тепкенін байқауға болады. Тепкі салдарынан қарияның мұрны мен беті қанағанын аңғаруға болады. Қария жалғыз тұрады, жақындары қайтыс болған көрінеді.

“Қарағанды облыстық  полициясы осы факт бойынша ағымдағы жылдың 29 наурызы жыл ішінде қылмыстық іс қозғады. Барлық кәмелетке толмағандарды және олардың заңды өкілдері  полиция бөлімініе жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →