×

Өзбекстанда мешітте жарылыс болды: Қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Оқиға Әндіжан облысы Ізбасқан ауданындағы мешітте болған

Өзбекстанда мешітте жарылыс болды: Қаза тапқандар мен жараланғандар бар
Сурет: Бейнеден кадр

Өзбекстанда мешітте жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Өзбекстанның Әндіжан облысы Ізбасқан ауданындағы мешітте газ-ауа қоспасының жарылысынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Облыс хокимиятының (әкімдік) баспасөз қызметі жарылыс салдарынан мешіттегі дәрет алатын бөлме опырылып түскенін хабарлады, үйінділер тазартылып жатыр.

Оқиға орнына облыс әкімі, ТЖД, ІІБ, ҰҚК, прокуратура және басқа да қызметтер жұмылдырылды.

Қазіргі таңда жарылыс себебі анықталып, тергеу жүріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →