×

Текеліде ер адам бояудың иісіне уланып, өмірімен қош айтыса жаздады

Жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы жігітті аман алып қалды

Текеліде ер адам бояудың иісіне уланып, өмірімен қош айтыса жаздады
Сурет: Polisia.kz

Текелі тұрғыны бояудың иісіне уланып, өмірімен қош айтыса жаздады, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жас жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылды. Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны "Жетісу Резорт" кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандасқысы келген ол ішке кіріп, бірақ Тимурды таба алмайды. Телефонмен хабарласқанда да жауап ала алмайды. Алаңдаған ер адам іздеу жұмыстарын бастап, жертөлеге түседі. Сол жерде Тимурдың телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістікте ес-түссіз жатқан жерінен табады. Уақытты созбай, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Бірден көмекке полиция қызметкерлері Азамат Қазыбаев, Елдар Амангельдин және Жанатбек Ахметов келіп, жедел әрекет етті. Олар зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.Кейін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жетіп, жас жігітті дәрігерлерге табыстады. Қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматологы полиция қызметкерлерінің уақтылы әрекет етуі Тимурдың өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарды”, – делінген полиция хабарламасында.

Айта кететін жайт,, тәртіп сақшысы Азамат Қазыбаев бұған дейін де батылдық танытқан. 2011 жылы ол Жапония мен Оңтүстік Корея делегациясын тасымалдаған автобусты Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 13-шақырымында үлкен апаттан құтқарып қалған. Сол кезде Азамат Қазыбаев өз патрульдік көлігімен жолды жауып, соққыны өзіне қабылдап, апаттың алдын алған болатын. Осы ерлігі үшін ол Мемлекет басшысының жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Жетісу облысының полиция департаменті бей-жай қарамай, азаматты құтқаруға көмектескен тұрғынға алғыс білдіріп, төтенше жағдайларда жедел әрекет етудің маңыздылығын еске салады.


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →