×

Оқушыны ұрған жасөспірімдердің ата-анасына сот үкім шығарды

Шулы іс

Оқушыны ұрған жасөспірімдердің ата-анасына сот үкім шығарды
Фото: ашық дереккөзден

Семейде мектеп оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Істі Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот оларды балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.

Сот қаулысымен бір жасөспірімнің әкесі 5 тәулікке қамауға алынды. Төрт ата-анаға 78 640 теңгеден айыппұл салынды, - дейді ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін сотта кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына жіберу туралы азаматтық іс қаралған болатын.

Сот шешімімен үш жасөспірім ерекше режимдегі облыстық арнайы мектеп-интернатына жіберілді, - делінген хабарламада.

Жасөспірімдердің арнаулы оқу орындарында болу мерзімі қажет болған жағдайда мекемелер әкімшілігінің өтініш хаты бойынша ұзартылуы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →