×

Тараздағы саябақта ер адам мәйіті табылды

Марқұмның жеке басы анықталды

Тараздағы саябақта ер адам мәйіті табылды
Видеодан скриншот

Таразда қалалық саябақтың маңынан өтіп бара жатқан адамдар денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жұмысқа бара жатқан жүргіншілер ағаштың түбінде жатқан ер адамның денесін байқаған. Жақыннан қарағанда, оның басы қатты жарақаттанғаны анықталған. Редакцияға оқиға орнынан түсірілген видео келді, бірақ этикалық себептерге байланысты оны жарияламау туралы шешім қабылданды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның жеке басы анықталды.

"Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Кейін әлеуметтік желілерде өлтірілген адам құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметке түсініктеме берген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →