×

Түркістан облысында шетелдік блогерлерінен пара сұраған полицейлер жұмыссыз қалды

Видео қоғамда резонанс тудырған еді

Түркістан облысында шетелдік блогерлерінен пара сұраған полицейлер жұмыссыз қалды
Фото: ашық дереккөзден

Беларусь блогерлерін Сайрам-Шымкент тас жолында жол полициясы тоқтатып, «техникалық тексеруден өтпегенсіздер» деген сылтаумен 200 мың теңге пара алған. Бүгін Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха олардың жұмыстан кеткенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазір бұл қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізіп, іс қозғадық. Олар енді полиция қатарында жұмыс істемейді», - дейді ол.

Айта кетейік, бұл оқиғаны Беларусь блогерлері видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салғаннан кейін резонанс туған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →