×

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті

Жол-көлік оқиғасы түскі уақытта болған

Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кетті
Фото: gov.kz

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:18–де Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүк көлігі Бурундайская көшесімен батыс бағытта келе жатып Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар қызды басып кеткен.

“Өкінішке қарай, бала оқиға орнында қайтыс болды. Адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша сараптамалық зерттеулер жүргізіледі”, – деп хабарлады департаментте.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →