×

Алматыда жүк көлігі қаққан 7 жасар қыздың өлімі: автобус жүргізушісі жазаланатын болды

Қылмыстық істер қозғалды

Алматыда жүк көлігі қаққан 7 жасар қыздың өлімі: автобус жүргізушісі жазаланатын болды
Фото: ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбеков Алматыдағы балалар өліміне себеп болған жол-көлік оқиғалары туралы пікір білдірді, деп хабрлаайды Qaz365.kz.

Қайсар Сұлтанбаев Алматыда болған екі жол-көлік оқиғасының бірінде бала жол ережесін бұзбай, жаяу жүргіншілер өткелінен өткенін айтады.

"Анасы қызын мектептен қарсы алуға шыққан - ол жолдың қарама-қарсы бетінде келе жатты. Оқиға өкінішке қарай, анасының көз алдында болды. Бала жол ережесін бұзған жоқ. Ал екінші жағдайда, шынымен де бала жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен", – деді ол.

Оның айтуынша, аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, іс аясында барлық кінәлі тұлғаның жауапкершілігі қарастырылып жатыр.

"Заң бойынша олардың бәрі жауапқа тартылады... Кішкентай қыз жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өтіп бара жатқан. Ол жол бермеген автобустан қорқып артқа шегінді. Сол кезде жүк көлігінің жүргізушісі оны байқамай қалды, қыз жүргізушіге "көрінбейтін аймақта" тұрған, өздеріңіз білетіндей, ол жүк көлігі, биік көлік, жүк көлігінің жүргізушісі оны көрмей, қыз дөңгелектің астында қалды, – деді Сұлтанбеков.

Сондай-ақ Қайсар Сұлтанбаев жаяу жүргіншілер өткелінен баланы өткізбеген автобус жүргізушісі де жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс аясында тағы да шешім қабылданады", - деді ол.

Еске салайық, Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып кеткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →