×

БҚО-да 40 мұғалімге тиесілі іссапар сыйақысы берілмеген

Прокуратура хабарламасы

БҚО-да 40 мұғалімге тиесілі іссапар сыйақысы берілмеген
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында 40 мұғалімнің еңбектері үшін сыйақы алуға конституциялық құқықтарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, 2024 жылы аудандық білім басқармасы 40 мұғалімге жалпы сомасы 2,4 миллион теңге көлеміндегі жол ақысын төлемеген. Ал ҚР Конституциясы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

“Еңбек кодексі 127-бабының 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іссапарға жіберілген қызметкерлерге іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы
уақыты үшін тәуліктік төлемдер, баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

Прокуратураның ұсынуы бойынша жалпы сомасы 2,4 миллион теңге құрайтын жол ақысы төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес
Бүгін, 02:51

«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес

Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тілсіз жаумен күреске 100-ге жуық қызметкер мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.
Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →