×

180 адам эвакуацияланды: Шу қаласында көпқабатты үй өртенді

Өртке оранған пәтерден 4 газ баллоны далаға шығарылған

180 адам эвакуацияланды: Шу қаласында көпқабатты үй өртенді
Сурет: Бейнеден кадр

Кеше түнде Жамбыл облысының Шу қаласында бес қабатты тұрғын үйде 5-қабаттағы пәтерде өрт орын алды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

“Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері хабарлама түскен сәттен кейін 4 минуттан шақыру орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде өрт үйдің шатырына таралып кеткен еді. Кеш хабарланғандықтан, өрт үлкен аумақты қамтыды.Қызметкерлер өртті сөндіруге кірісті және сонымен бірге тұрғындарды эвакуациялады. Барлығы 180 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ 4 газ баллоны далаға шығарылды. Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Оқиға орнынан 1 шақырым қашықтықта мектеп базасында эвакуациялау пункті ашылды.Қабылданған шаралардың арқасында оттың бесінші қабатта орналасқан пәтерлерге таралуына жол бермей, өрт алдын ала 750 ш. м. алаңда сөндірілді”, – делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі  анықталуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →