Тергеу жалғасып жатыр
Қаржылық мониторингтік агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Прокуратураның үйлестіруімен "Creditum" МҚҰ, "Sofi Finance" МҚҰ, "Hava Finance" МҚҰ, "SF Offline" МҚҰ, "POS Credit" МҚҰ, "Сәлем Кредит" МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған.
Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған.
"Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған.
Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды", - делінген хабарламада.
МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.
Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды.
Тергеу жалғасып жатыр.