Талдықорғанда шулы іске қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Шерзат Полаттың әжесін сот кезінде жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шерзаттың әжесінің денсаулығы күрт нашарлап, оны сот залынан сыртқа алып кеткен. Артынша әжесін жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.
Еске салайық, бұған дейін Шерзаттың әжесі сотты Алматыда өткізуді өтінген болатын. Сотталушылардың әке-шешелері қазір сот залында тұр.
«Біз де сотталушылардың қорғаушыларымыз. Қаулымыз бар. Біз де қатысуды сұраймыз», – дейді олар.
Судья оларға: «адвокаттармен бірдей құқықтарыңыз бар. Соттан сөз сұрауға болады» деді судья.