×

ШҚО-да 7 баласына алимент төлемеген әйел сотталды

Сот шешім шығарды

ШҚО-да 7 баласына алимент төлемеген әйел сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда балаларына 10 млн теңге алимент төлемеген әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осыған қатысты сот ісі облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Бірнеше жыл бойы 7 баласына алимент алимент төлемей келген айыпталушының берешегі 10 млн теңгеге жеткен.

"Әйел Қазақстан Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол бір жылға бас бостандығынан шектелді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңір полицейлері алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген 9 адамға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Олардың сегізі бойынша айыптау үкімі шығарылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →