×

Қаралы хабар: Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

Ол белгілі ғалым, педагог, жоғарғы оқу орнында ұзақ жыл еңбек еткен ұлағатты ұстаз

Қаралы хабар: Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
Сурет: коллаж

Ақын Мұхтар Шахановтың жары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Розалинда Шаханова – 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген.

Ол ғылым мен білім беру саласында елеулі еңбек етті. Шаханова «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» секілді марапаттарға ие болған.

Розалинда Шаханова 1990 жылы кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шыққан. 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білім туралы диплом алған. Сонымен қатар сол жылы доцент ғылыми атағына ие болды.

2004 жылы тәжірибелі де жоғары білікті маман ретінде QyzPU-ға қызметке шақырылып, 2008 жылға дейін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор лауазымын атқарған.

Ғылым мен білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» сияқты атақтарға, ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің «Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін», «Ы. Алтынсарин», QyzPU дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» медаліне және тағы басқа да көптеген марапаттарға ие болған.

Ақынның отбасы мен жақын туыстарына редакциямыздың атынан қайғырып көңіл айтамыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →