×

«Біреуінде диплом жоқ»: Шерзаттың әжесі сотта айыпталушылардың тәрбиесін сөз етті

Шерзаттың әжесі немересін ұрып жатқан сәтте күдіктілердің қолында пышақ болғанын растады

«Біреуінде диплом жоқ»: Шерзаттың әжесі сотта айыпталушылардың тәрбиесін сөз етті
Сурет: сот отырысынан кадр

Талғардағы оқиғаға қатысты сот процесінде марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Қадырова куәлік беріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Жұмабике Қадыровадан төбелес кезінде пышақтан өзге қандай да бір қару қолданылғанын көрген-көрмегенін сұрады. Шерзаттың әжесі немересін ұрып жатқан сәтте күдіктілердің қолында пышақ болғанын растады.

«Енді «адамдар мылтықпен ұрыпты» деп те айтып жатыр. «Нұрқанаттың мылтығы, болмаса Қаржаубайдың мылтығы болуы мүмкін» дейді. Менің балаларым - мына жігіттермен салыстырғанда еңбекқор, халыққа қызмет етіп жүрген азаматтар. Екеуі де реанимацияда жұмыс істейді. Қолдарында дипломдары бар, бала-шағалары бар», -  деді Қадырова.
Ол сөз арасында айыпталушылардың жоғары білімсіз, жауапкершіліксіз жүргенін сынады.
«Көріп тұрсыздар, мына жігіттердің біреуінде де диплом жоқ. Тәрбиелі, көргенді бала мұндай әрекетке бармайды. Түн ішінде бейсауат жүргенше еңбек етер еді», — деді Шерзаттың әжесі.

Еске сала кетейік, осыған дейін біз Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Қадырова судья алдында куәлік беріп, тергеу материалдарына сәйкес, Шерзатқа шешуші соққы жасаған күдікті — Абзал Шынасылды танығанын айтқаны туралы жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →