Ол куәлік беру барысында соттан әділ шешім шығаруды сұрады
Сот отырысында куәлік еткен Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Кадированың жағдайы нашарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сот отырысында сұрақ-жауаптан кейін Шерзат Болаттың әжесін Жұмабике Кадированы залдан көтеріп алып шығып, жедел-жәрдем көлігіне жеткізген.
“Менің балам да, мен де бәрін де кешірдік. Алла кешірсін бұларды. Тек Алладан кешірім сұрасын. Бір Аллаға тапсырып қойдым. Судья сіз, ақиқатымен осыларға нақты жылын кесесіз бе, кеспейсіз бе, қорғап алып қаласыз ба, жақтап қаласыз ба – ар-намысыңызға берілген дүние. Мен тек Аллаға сендім. Өмірде “Құдайдан тап” деген қарғыстан артық қарғыс жоқ дейді. Себебі қайтіп табатынын бір Алла біледі. Бәрін бір құдайға тапсырдым. Ата-аналар да артымыздан шұқынып сөйлеп отыр. Бірақ мен сабырлыққа салып шыдап отырмын. Бір Алла шешсін, – деді Жұмабике Қадырова.