×

"Оқиға орнында көз жұмды": Ақмола облысында балалар футбол командасы жол апатына ұшырады

Олар Павлодардан Астанаға жарысқа бара жатқан 

"Оқиға орнында көз жұмды": Ақмола облысында балалар футбол командасы жол апатына ұшырады
Ашық дереккөздерден

Ақмола облысында Павлодардан Астанаға жарысқа бара жатқан балалар футбол командасы жол апатына ұшырады. Жаттықтырушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға Астана – Ерейментау тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар мінген шағын автобус жүк көлігін басып озу кезінде аударылып кеткен. Көлік ішінде 14 пен 16 жас аралығындағы 16 жасөспірім болған», — делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаттықтырушы оқиға орнында қаза тапқан. Ал барлық жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Полиция мәліметінше, сапарды ұйымдастырған жеке спорт мектебінің басшылығы құқық қорғау органдарына хабар бермеген, сондықтан полиция жолда ілесіп жүрмеген.

«Сапар туралы алдын ала хабар берілмегендіктен, патрульдік көліктермен ілесіп жүру ұйымдастырылмады. Аталған факт бойынша тексеріс жүргізілуде», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар оқушылардың қауіпсіздігі үшін спорттық жарыстарға сапарлар тиісті түрде үйлестірілуі тиіс екенін ескертуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →