×

Шымкентте жоғалып кеткен 74 жастағы кейуананың жағдайы белгілі болды

Ол өзі тұратын елді мекеннен 4 шақырым жерден қалжыраған күйде табылған

Шымкентте  жоғалып кеткен 74 жастағы кейуананың жағдайы белгілі болды
Сурет: Бейнеден кадр/ ҚР ТЖМ

Шымкентте 74 жастағы жоғалып кеткен кейуана табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 “Кеше күндіз 1951 жылы туған әйел адам Шымкент қ. Абай ауданы Қайнар бұлақ тұрғын алабынан үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған. Сәтсіз аяқталған өздігінше ұйымдастырылған іздеулерден кейін жақындары таңертең 112 қызметіне жүгінді. Шақырту орнына құрамында 2 кинологиялық жасағы бар іздестіру тобы шықты. Үш сағаттан кейін жоғалған әйел елді мекеннен 4 шақырым жерде табылды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Кейуана біраз қалжырағанмен, медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Қазіргі таңда жағдайы жақсы, тұрақты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оны ұстау барысы бейне есеп үшін арнайы жасақтың қатысуымен қайта ұйымдастырылып түсірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →