×

«Хуторский Хасан»: Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды

Ол 2024 жылдың қараша айында ұсталып, қамауға алынған болатын

«Хуторский Хасан»: Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды
Видеодан скриншот

Алматы облысында «Хуторский» қылмыстық тобының басшысы ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта тергеу органдары жинақталған материалдарды сотқа жолдады. Қосымша ақпарат алу мақсатында редакция Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне жүгінді.

Қасымбаевқа қандай айыптар тағылды?

Хасан Қасымбаев 2024 жылдың қараша айында ұсталып, қамауға алынған болатын. Тергеу барысында оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша айып тағылды:

  • ҚК 125-бап – Адам ұрлау

  • ҚК 194-бап – Бопсалау

  • ҚК 107-бап – Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

Аталған айыптар бойынша материалдар толықтырылып, іс сот қарауына берілді.

Ағасы әкімдік қызметінде болған

Тергеу барысында белгілі болғандай, Хасан Қасымбаевтың туған ағасы Аслан Қасымбаев оқиға кезінде Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Қоғам назарын аудартқан бұл жағдайдан кейін Аслан Қасымбаев қызметінен кеткен.

«Хуторский» тобы мен Шерзат Полат ісі

Айта кетейік, марқұм Шерзат Полаттың қаза тапқан төбелес кезінде қатысқан жігіттер өздерін «хуторский» деп таныстырған болатын. Дегенмен Алматы облысының полиция департаменті Талғар ауданында «Хуторский» атты ресми тіркелген қылмыстық топ жоқ екенін мәлімдеген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған
Бүгін, 16:54

Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған

Оның айтуынша, сотталушылар қысым көрсетіп, жағдайды ушықтыруға тырысқан.
Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →