×

Руслан Берденовке жасалған қастандық себебіне қатысты бір нұсқа жоққа шығарылды

Ресми түрде тергеу тұрмыстық жанжал нұсқасын қарастыруда

Руслан Берденовке жасалған қастандық себебіне қатысты бір нұсқа жоққа шығарылды
Сурет: forbes.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов тарапынан қысым көрсетілді деген нұсқа, яғни осы жайт қарулы шабуылдың себебі болды деген болжам ресми түрде теріске шығарылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы қала ішкі саясат басқармасының басшысы Айгерім Жұмакұлова мәлімдеді.

Оның айтуынша, ол полицияда күдіктінің әйелімен жеке сөйлескен, және ол Берденовпен таныс еместігін растаған.

“Ондай жағдайда қандай қысым көрсету туралы сөз болуы мүмкін? Тергеу нәтижесі шықпай, сот үкімі шықпай тұрып, сіздерге еш дәлелсіз айыптауға кім құқық берді?” – деп жазды Жұмакұлова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол расталмаған ақпаратты тарату мен тергеу аяқталмай тұрып күдіктінің әрекетін ақтауға тырысқандарды қатаң сынға алды.

“Мен қысым көрсету туралы нұсқаны жай ғана айтып қана қоймай, өзінше сот құрып, күдіктіні ақтап алғысы келетін адамдарды түсінбеймін. БАҚ өкілдері, блогерлер, құқық қорғаушылар – Қазақстан Республикасының заңдарын есте ұстауды сұраймын. Күдіктінің, оның жұбайының жеке мәліметтерін, әлеуметтік желідегі парақшаларын, суреттерін жариялау, сондай-ақ расталмаған ақпаратты факт ретінде ұсыну – бұлардың бәріне медиа заңгерлер өз бағасын береді деп сенемін”, – деп атап өтті ол.

Жұмакұлованың айтуынша, мұндай жарияланымдар жағдайға тартылған екі отбасыға да ауыр соққы келтіреді.

“Ақпаратты тексерместен, Руслан Берденовті қысым көрсетті деп айыптап, сіздер бұл отбасыларға қандай ауыртпашылық әкеліп жатқандарыңызды бір сәт ойладыңыздар ма? Мүмкін, тоқтайтын уақыт келген шығар?” – деп түйіндеді ол.

Ресми түрде тергеу тұрмыстық жанжал нұсқасын қарастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Берденовке оқ атты деген күдікті жұмыс істеген қандай мекеме?
Бүгін, 13:41

Берденовке оқ атты деген күдікті жұмыс істеген қандай мекеме?

Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу сайтында белсенді емес
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Апатты деп танылған № 2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған  
Сот шешімі араға жыл салып шығып отыр. Оқиға өткен жылы 14-16 сәуір аралығында болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →