×

«Әдебиет әлемінің Әкімі»: Президент жазушы Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесі еді...

«Әдебиет әлемінің Әкімі»: Президент жазушы Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президенті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты.

“Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бүгін 22 сәуірде белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази дүниеден озғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Берденовке оқ атты деген күдікті жұмыс істеген қандай мекеме?
Бүгін, 13:41

Берденовке оқ атты деген күдікті жұмыс істеген қандай мекеме?

Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу сайтында белсенді емес
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Апатты деп танылған № 2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған  
Сот шешімі араға жыл салып шығып отыр. Оқиға өткен жылы 14-16 сәуір аралығында болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →