×

56 адам уланған Екібастұздағы мейрамхана иесіне қатысты сот шешімі шықты

Сот шешімі араға жыл салып шығып отыр. Оқиға өткен жылы 14-16 сәуір аралығында болған

56 адам уланған Екібастұздағы мейрамхана иесіне қатысты сот шешімі шықты
Сурет: Getty Images

Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

“Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына байланысты дауға нүкте қойылды. Атап айтқанда, 2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі тамақ улану белгілерімен 56 азамат жүгінді, оларалдын ала Екібастұз қаласындағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан. Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды, процессуалдық прокурорлар тағайындалды, сараптамалар ұйымдастырылды, тергеу тобының шығуы ұйымдастырылды. Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Зардап шеккендер сот шешімімен қанағаттанымен тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →