×

Оралда бопсалаумен айналысқан колледж студенттері ұсталды

Келтірілген залал көлемі анықталып жатыр

Оралда бопсалаумен айналысқан колледж студенттері ұсталды
Фото: БҚО полиция департаменті

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері Оралда жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен жастар тобын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, жәбірленуші жігіт әлеуметтік желіде танысуға арналған арна арқылы бір қызбен сөйлескен. 

Хат алмасу кезінде қыз оны өз үйіне кездесуге шақырған. Көрсетілген мекенжайға келген кезде пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығарып, өздерін қыздың ағасы ретінде таныстырып, қорқытып ақша талап еткен. 

- Қорыққан жәбірленуші телефонын күдіктілердің біріне берген, ол банк қосымшасы арқылы өзінің банк шотына ақша аударып алған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бес күдіктінің төртеуі — Орал қаласындағы колледж студенттері, олардың бірі — сол кездесуге шақырған қыз. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы, келтірілген залал көлемі анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында ер адам 3 млн ұрлап оған көлік сатып алған
Бүгін, 12:18

Түркістан облысында ер адам 3 млн ұрлап оған көлік сатып алған

Ол ұрланған ақшаға өзіне ВАЗ автокөлігін сатып алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →