×

Астанада өткір затпен қаруланған ашулы ер адам жасөспірімдерге шабуылдаған

Оқиға Есіл өзенінің жағалауында кешкі уақытта орын алған

Астанада өткір затпен қаруланған ашулы ер адам жасөспірімдерге шабуылдаған
Сурет: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

 Астанада өткір затпен қаруланған ашулы ер адамнан жасөспірімдерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жат қылық танытқан белгісіз ер адам оларды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға әрекеттенген.Ұландықтар оқиға туралы әскери жасақтар бойынша кезекші аға сержант Бекжан Дәулетбайға дереу хабар берді. Әскери қызметшілер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады”, – делінген ақпаратта.

Оқиға кешкі уақытта сағат 21:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйлердің бірінің жанында болған болған. Бұл маңайда әскери жасақтың бастығы қатардағы Абзал Ерғали, патрульдеушілер қатардағы Әлихан Аман мен Тахир Жайық өздеріне жүктелген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген.  Олардың айтуынша, жат қылық танытқан белгісіз ер адам оларды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға әрекеттенген.

Ұландықтар оқиға туралы әскери жасақтар бойынша кезекші аға сержант Бекжан Дәулетбайға дереу хабар берді. Әскери қызметшілер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады.

«Жасөспірімдердің қатты қорқып қалғанын және оларға көмек қажет екенін көрдік. Уақытымыз тығыз еді. Ер адам агрессивті әрекет жасап, өткір затпен қолын сермеп, қорқыту сөздер айтып жатты. Біз нұсқаулыққа сәйкес әрекет еттік: оның назарын басқа жаққа аударып, қаруын тартып алып, залалсыздандырдық», – деді қатардағы Абзал Ерғали.

Бұзақы ұсталып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.
Бірнеше күн бұрын желіде әкімнің қызғалдақ ұстап түскен суреті тараған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →