×

Иран портындағы жарылыстың алдын ала себебі айтылды

Жойқын жарылыстан  қаза тапқандардың саны 40-тан асқан

Иран портындағы жарылыстың алдын ала себебі айтылды
Сурет: Razieh Pudat/ISNA via AP

Иранда жойқын жарылыстан 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы жағдай елдің оңтүстігіндегі Шахид-Раджаи портында болған. Зардап шеккендер саны 1200-ден асты. Із-түссіз жоғалғандар да бар. Иранда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Ел президенті Масуд Пезешкиан шұғыл түрде түрде апат болған аймаққа жетіп, құтқару жұмыстары жайлы хабар алды. Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, қуатты жарылыстан сол маңайдағы көліктер түгел күлге айналған.

Өрттің шығуына порттағы қауіпті химиялық заттардың тұтануы себеп болған. Алайда, бұл тек  алдын ала болжам ғана. Ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.

Кей дерек көздерінде, қоймада натрий перхлораты тұрған контейнер жарылғаны айтылады. Бұл зымыран отынын жасау үшін қолданылатын химиялық компонент. Порттағы алап өртті сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. Қазір аймақта төтенше жағдай жарияланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді
Кеше, 19:50

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →