×

«Ауылға путевка алып кетеміз бе»: Шерзат Полаттың өлімі бойынша істегі екінші қыз куәлік берді

Шулы іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр

«Ауылға путевка алып кетеміз бе»: Шерзат Полаттың өлімі бойынша істегі екінші қыз куәлік берді
Фото: Jogargy_sot

Талдықорған қаласында өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында куәлік берген Дана Жақсыгелді күдіктілердің көлік ішіндегі әңгімесін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот отырысы барысында, куәгер екі әйелдің бірі Дана Жақсыгелді күдіктілердің көлік ішіндегі әңгімені айтып берді.

“Біз «777» дүкенінен шыққаннан кейін көлікке отырып Талғар қаласынан шығып кеттік. Сол кезде Нұрқияс телефон арқылы біреулерді шақырып жатты. Содан кейін біреуі қалжыңдап «ауылға путевка алып кетеміз бе» деп айтты”, – деді Дана Жақсыгелді.

Сондай-ақ куәгер кетіп қалуға мүмкін болғанын, алайда қорыққанын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →