×

Шерзат Болат ісі: Сотталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы куәлік берді

Шерзат Болат ісі: Сотталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы куәлік берді
видеодан скриншот

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысында Қаржаубайдың дүкенінен сыра алып, даудың басында болған Дархан Әскентайдың сыныптасы куәлік жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Куәгер Еркебұлан Тоқтарбай сотталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы.

Дархан Әскентай сыныптасым,ал Нұрбол және  Азамат Тоқтаубаевтар досымның інілері. Басқаларын танымаймын. Дарханмен сыныптас әрі бір ауылдан болғасын кездесіп тұрамыз. Сол күні Айдын есімді сыныптасымның үйіне менің автокөлігімнің газ қондырғысын жөндейміз деп кездескенбіз. Сол жерге Дархан да келді. Ол кейін өзімен сыра әкеліп Айдын екеуі сәл ішті. Бірақ мас болғаны білінбеді. Сау көрінген, - дейді куәгер.

Ол көлігін жөндеген соң Дарханды алып қайтпақ болған.

Он жарымға үйде таман көлігімді жөндеп біттік те қайтпақ болдық. Менделеев көшесіндегі дүкен жолдың бойында болған. Мен Дарханды сол жерге тастап кеттім. Маған ештеңе айтпады, тек дүкен жақтан тастап кетші деді, үйі сол жерде болған. Көлікте біреумен сөйлесіп отырды, біреуден мың теңге жіберші деп отырды, -дейді Еркебұлан Тоқтарбай. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тексеру барысында сәбидің миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болған
Сот отырысында Шерзаттың марқұм ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген айғақтары оқылып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →