×

Павлодарда анасы 4 айлық нәрестесін ұрған: бала жетімдер үйіне тапсырылды

Тексеру барысында сәбидің миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болған

Павлодарда анасы 4 айлық нәрестесін ұрған: бала жетімдер үйіне тапсырылды
Фото: pixabay.com

Павлодарда анасы небәрі 4 айлық нәрестесін ұрып, жазым ете жаздаған. Салдарынан кішкентай сәби ауруханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Тексеру барысында сәбидің миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болған. Дәрігерлер полицияға баланың соққыға жығылғанын баяндаған. Тәртіп сақшылары баланы анасының ұрып соққанын анықтады. Қазір нәресте жетімдер үйіне тапсырылды. 4 айлық баланың кәмелет жасына толмаған ағасы да өңірдің балаларды қолдау орталығына берілді. Ал анасы психологиялық ауытқуына байланысты ауруханада ем алып жатыр.

"Баланың заңды өкіліне қатысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Бұл денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы. Ал баласын соққан анаға қатысты сот өтетін болады. Онда ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсы. Өсіп келеді", - дейді Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкіл.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын
Құралбаевтар отбасы істің әділ қаралуын және барлық кінәлілердің толық жауапқа тартылуын талап етуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →