×

Талғарда тағы төбелес: желіде жігіттердің бір азаматты жабылып ұрып жатқан видеосы тарады

Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірді

Талғарда тағы төбелес: желіде жігіттердің бір азаматты жабылып ұрып жатқан видеосы тарады
Видеодан скриншот

Желдіе бір топ жігіттің бір азаматты жабылып ұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тексеру барысында оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болғаны анықталды. Алайда бұл жағдай бойынша полицияға азаматтардан арыз немесе хабарлама түскен жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталды”, – делінген хабарламада.

Полиция дерегінше қазіргі таңда көшедегі жанжалға қатысқан барлық тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдануда.

“Күдіктілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →