Марқұм - Солтүстік Каспий жобасында (NCOC) департамент басшысы болған.
Атыраудағы «Француз кварталы» элиталы тұрғын үй кешенінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы әйелдің мәйіті «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.
Куәгерлердің айтуынша, әйелді пышақтап кеткен, оқиғадан кейін әйелдің пәтерінен құнды заттары ұрланған. Қазір оқиға орнында жедел теруге тобы жұмыс істеп жатыр.
Марқұм - Солтүстік Каспий жобасында (NCOC) департамент басшысы болған.
Марқұмның туыстары тергеудің объективті және әділ өтуіне қолдау көрсету және көмек сұрап, Адам құқықтары жөніндегі бюроға жүгінді.
Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттен пышақ жарақаттары табылып, үйдегі сейф бұзылған. Бибігүл Шпанова - өз еңбегімен еліміздегі ірі жобалардың, соның ішінде Қашаған жобасының дамуына зор үлес қосқан мамандардың бірі,- деп хабарлады бюро.
Адам құқықтары жөніндегі бюро қызметкерлері қылмыс пен кәсіби қызмет арасындағы ықтимал байланысты қоса алғанда, барлық ықтимал нұсқаларды қарастыруды және қайтыс болған адамның отбасының шынайы ақпарат алуға және іс материалдарына қол жеткізуге заңды құқықтарын қамтамасыз етуді талап етеді.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Әзірге күдіктінің ұсталғаны, не ұсталмағаны белгісіз.