×

Петропавлда үйдің іргетасын қару-жарақпен қалаған адам іздестіріліп жатыр

 Тергеу жүргізіліп жатыр

Петропавлда үйдің іргетасын қару-жарақпен қалаған адам іздестіріліп жатыр
Видеодан скриншот

Петропавл қаласындағы жеке тұрғын үйдің іргетасынан елуге жуық атыс қаруының бөлшектері табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

КТК мәліметінше, құқық қорғау органдары бұл қарулардың құрылыс материалы ретінде не себепті пайдаланылғанын анықтап жатыр.

Қару бөлшектері Заречный елді мекенінде тасқынға қарсы жұмыс жүргізіп жатқан әскери қызметкерлерге кездейсоқ тап болды. Олар үйдің іргесін су тасқынынан қорғау үшін қапшықтарға құм толтырмақ болған. Сол сәтте іргетастан қарудың ұңғымасы көзге түскен.

Бастапқыда бірнеше аңшы мылтығының бөлшектері табылғанымен, кейін іргетасты толық қопарғанда жалпы саны 46 ұңғыма мен басқа да қару бөлшектері шыққан. Құрылысқа мұндай заттарды кім және не үшін қолданғаны әзірге белгісіз. Полиция бұл дерек бойынша тергеу жүргізіп, жауаптыларды анықтауға кірісті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →