×

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс туралы айтты

Гүлмира Сатыбалдының тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысы бар-жоғын Антикор тексеріп жатыр

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс туралы айтты
Фото: "Хабар" / khabar.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров "Восточка" тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты істің жаңа мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, ол бұл іске Гүлмира Сатыбалдының ықтимал қатыстылығына байланысты тергеу басталғанын растады.

"Агенттік "Восточка" көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде жасалған заңсыз әрекеттерге байланысты Гүлмира Сатыбалды мен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр", - деді Антикордың ресми өкілі Астанада өткен брифингте.

"Восточка" тұрғын үй кешеніне кіретін 24 үйдің құрылысы бойынша эпизод Гүлмира Сатыбалды ісі аясында өткен жылдың маусым айында қаралған болатын. Сол кезде үйлердің "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазынамен" келісімшарт негізінде BAUR Development Group құрамындағы компаниялардың бірі арқылы салынғаны айтылған еді.

Куәгерлердің бірі - Baur Kazakhstan құрылыс компаниялар тобының басшысы Бақыт Кабеновтің айтуынша, жобаға 7,8 миллиард теңге көлеміндегі банктік кепілдікті "ВТБ Банк" берген. Алайда куәгердің сөзіне сенсек, бизнестің екінші иесі Абай Жүнүсов үйқамаққа алынғаннан кейін, Гүлмира Сатыбалды жобаны қаржыландырып келген банкті күтпеген жерден ауыстырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты
Бүгін, 11:22

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты

11 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →