×

"Пәтер иесі кінәлі": Шымкентте пәтерді жалға алушы газға уланып қайтыс болды

Пәтер иесіне 4 жыл шартты жаза тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген

"Пәтер иесі кінәлі": Шымкентте пәтерді жалға алушы газға уланып қайтыс болды
Сурет: Дмитрий Кандинский/vtomske.ru

Шымкентте пәтер иесі жалға беру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. «А» есімді азаматша пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берді. Нәтижесінде пәтерде газ ағуы орын алып, пәтерді жалға алушы «Б» көмірқышқыл газымен улану салдарынан қайтыс болды. 2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу») бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке алып соғуы мүмкін. Қалалық прокуратура заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Баланың 25 жерінен тістеген»: Шиелі балабақшасындағы жағдай жұрттың жағасын ұстатты
Кеше, 11:01

«Баланың 25 жерінен тістеген»: Шиелі балабақшасындағы жағдай жұрттың жағасын ұстатты

Жәбірленген баланың анасы істің жабылып қалуынан қауіптенген. 
Полиция 1987 жылы туған күдіктіні ұстағанын мәлімдеді
Гүлмира Сатыбалдының тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысы бар-жоғын Антикор тексеріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →