×

«Баланың 25 жерінен тістеген»: Шиелі балабақшасындағы жағдай жұрттың жағасын ұстатты

Жәбірленген баланың анасы істің жабылып қалуынан қауіптенген. 

«Баланың 25 жерінен тістеген»: Шиелі балабақшасындағы жағдай жұрттың жағасын ұстатты
instagram.com/gulmir_ktk

Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы жекеменшік «Раяна» балабақшасында бір жарым жасар қыз бала ауыр дене жарақатын алды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Жәбірленушінің анасы журналист Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында баласын балабақшадан алып кеткен кезде бетінің ғана тістелгенін айтқан тәрбиешілер арқасындағы іздер туралы ескертпегенін жеткізді. Ана үйіне келгенде ғана сәбидің денесінің сау жері қалмағанын байқаған.

Бұл оқиға бүлдіршін балабақшаға барған екінші күні болған. Қатты қорқып қалған бала бірнеше күн ұйықтай алмай, ауырсынудан жылап шыққан.

Камераны көрсетпей отыр, бақшада ешкім жедел-жәрдем шақырмаған. Тәрбиешілер жай ғана баланы ата-анасына табыстап, «бетін тістеп алыпты» деп арқасындағы тіс ізі жайлы айтпады. Қолды-аяққа тұрмай шырылдаған баланың тістелмеген жері жоқ екенін үйде денесін көргенде бір-ақ байқадым, - деп дейді анасы.

Анасы аудандық полиция бөліміне шағым түсіріп, істің жабылып қалуынан қауіптеніп, журналистен көмек сұраған. Кейін видеоны желіден алып тастауын өтінген. Отбасы көпбалалы әрі әлеуметтік жағдайы төмен.

Оқиғаға байланысты Шиелі аудандық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Қызылорда облысының білім басқармасы жағдайды ерекше бақылауға алған. Полиция департаменті балабақша тәрбиешісіне қатысты шара қолданылғанын, ювеналды полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жақсыгүл Тоғанова да бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын және кейінірек нақты ақпарат берілетінін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодар облысындағы сойқан дауыл: 1 адам қаза тауып, 16 адам зардап шекті
Бүгін, 10:09

Павлодар облысындағы сойқан дауыл: 1 адам қаза тауып, 16 адам зардап шекті

Облыс аумағында қатты дауылдан 77 нысан бүлінген
Белгісіз ұшу аппараты 19 маусымда Маңғыстау облысы Қарақия ауданына құлаған
Оның адвокаты жәбірленушілер оған қатысты мінездемелерді әлеуметтік желілерде таратқан деп айыптады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →