×

Алматыда полиция қызметкері әйелін пышақтап өлтірді

Қанды оқиға “Шұғыла” ықшамауданында болған

Алматыда полиция қызметкері әйелін пышақтап өлтірді
Фото: istockphoto.com

Алматыда полиция қызметкері әйелін пышақтап өлтірді. 39 жастағы күдікті Алматы облыстық полиция департаментінде қызмет еткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға бүгін түскі уақытта “Шұғыла” ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Полицияға көмек сұраған әйелдің даусын естіген көршілер хабарласқан. 

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы отбасылық жанжалдан соң, ер адамның әйелін пышақтап тастағанын анықтаған. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпай кеткен. Кейін күдікті өз-өзіне қол салмақ болыпты. Яғни, тамағын пышақпен орып жіберген.

Қан-жоса болған күдікті осыдан соң ауруханаға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Әйелін пышақтап өлтірген қаскөйдің Алматы облысында жол-патрульдік полиция батальоны құрамында қызмет еткені белгілі.

Ал,  34 жастағы келіншек Ұзынағаш ауылындағы балабақшада директор болған екен.

Екеуінің ортақ некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы бар.

Қазір қанды оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты
Бүгін, 14:15

Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты

Марқұм сол аумақтағы кеңселердің бірінде бухгалтер қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша куәгердің бірі сотталушы Ернар Жиембаймен сөйлескен сәтін айтып берді
Шымкентте Руслан Берденовтің сотында кезекті куәгерлер жауап беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →