×

Шымкентте жеңіл көліктің қозғалтқыш бөлігіне жылан кіріп кетті

Құтқарушылар тұрақта тұрған көліктен рептилияны арнайы құралдармен шығарып алған

Шымкентте жеңіл көліктің қозғалтқыш бөлігіне жылан кіріп кетті
Сурет: Бейнеден кадр/ТЖД

Шымкент қаласында тұрақта тұрған  жеңіл көліктің қозғалтқыш бөлігіне жылан кіріп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

“Шымкент қ. Еңбекші ауданы Қалтаева көшесінде орналасқан жеке үйдің тұрғыны 112 пультіне үйінде бауырымен жорғалаушының жүргені туралы хабарлады. Екінші хабарлама Шымкент қ. Байтұрсынов көпірінің жанында тұрақта тұрған жеңіл көліктің қозғалтқыш бөлігіне жыланның кіріп кеткені туралы түсті. Құтқарушылар шақырту орындарына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен 2 рептилияны ұстап алып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен қауіпсіз жерге жіберілді”, – делінген ТЖД хабарламасында.

ТЖМ қызметкерлері жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әйелі директор, өзі полиция қызметкері болған». Әйелін пышақтап өлтірген азамат туралы тың дерек шықты
03.05.2025ж. 23:07

«Әйелі директор, өзі полиция қызметкері болған». Әйелін пышақтап өлтірген азамат туралы тың дерек шықты

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті — Алматы облысының жол-патрульдік полиция батальонында қызмет еткен
Қанды оқиға “Шұғыла” ықшамауданында болған
Жәбірленген баланың анасы істің жабылып қалуынан қауіптенген. 
Пәтер иесіне 4 жыл шартты жаза тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →