×

Ғайыпбаевтың бейнежазбасы: Полиция қызметкерінің бейнежазбасы заңсыз болуы мүмкін

Талғар ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бастығынан бұл әрекеттің құқықтық негізі жөнінде сұралды

Ғайыпбаевтың бейнежазбасы: Полиция қызметкерінің бейнежазбасы заңсыз болуы мүмкін
Сурет: Бейнежазбадан кадр

Шерзат Полат ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы жәбірленуші Ғайыпбаевтың ауруханада бейнежазбаға түсуіне қатысты заңдылықтарды көтерді. Талғар ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжаннан бұл әрекеттің құқықтық негізі жөнінде сұралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айыптаушы тарап бірнеше нақты сұрақ қойды:

«Сіз бейнетаспаны түсірер кезде жәбірленуші Ғайыпбаевты ескерттіңіз бе? Құқықтар мен міндеттер түсіндірілді ме? Жалпы бейнежазба түсірілген кезде қылмыстық іс тіркелген бе? Тергеушінің қаулысы болды ма?»

Полиция бөлімінің басшысы бұл әрекетті өзінің бастамасымен жасағанын айтты.

«Тергеуші тарапынан ешқандай қаулы болмады. Өз басым қылмысты ашу мақсатында куәгерлер мен күдіктілерді анықтау үшін видеоны түсірдім. Ешқандай қаулы шығарылған жоқ», – деді полиция өкілі.

Прокурор Дана Сәрсембай бейнежазбаны түсіру тергеу әрекеті ретінде қарастырылатынын нақтыламақ болып, тағы бір сауал қойды:

«Бұл сіздің істеген тергеу әрекетіңіз қалай аталады?»

Полиция өкілі бұл әрекет ресми тергеу емес, жедел-іздестіру шеңберінде болғанын айтты.

«Біз – қылмыстық іздестіру бөлімі. Мақсатымыз – қылмыс орнына бару, күдіктілер мен куәгерлерді анықтау. Әуелі Қамажай дүкеніне бардық. Кейін Ғайыпбаевтың ауруханаға түскенін біліп, сол жерде қылмысты ашу мақсатында видеоға түсірдік», – деді ол.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсембайдың сөзінше, Қылмыстық Кодекстің 198 бабы бойынша мұндай іс-әрекеттер жасау үшін тергеуші бірінші қаулы шығару керек. Ал полиция бөлімінің басшысы заңға сәйкес қандай негізде видео түсіргенін айта алмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне барды. Алайда сот прокурор ауыспайтынын жеткізді. 
Айыпталушы Әскентай  жауап берген  сәтте түсініксіз жағдайда болғанын алға тартып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →