×

«Атамын, тоқтаңдар» деп атты. Шерзат ісінде сотталушылар жауап беріп жатыр

Сотталушы Шерзатты боқтамағанын, соққыдан дене жарақатын алғанын айтты. 

«Атамын, тоқтаңдар» деп атты. Шерзат ісінде сотталушылар жауап беріп жатыр


Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісі қаралып жатыр. Бүгін сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентай жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол тергеу кезінде қысым жасалғанын айтты. 

Тергеукездегі жауаптармен толық келіспеймін. 24 сағат қамалған жеті жігітке қысым келтірілді. Өзім жарақат алғаннан кейін дұрыс жауап бере алмадым. Ойымды жинақтай алмадым, бүгін болған оқиғаны айтып беремін. Сол күні қорғаушымыз болды. Кешке дейін телефонға түсірді, кабинеттен кабинетке тасыды. Ұрып-соғып, боқтық сөздер айтқаннан кейін… Оқиға болған жерге апаратын кезде ғана далаға шығарды, - дейді Дархан Әскентай.

Сотталушы Шерзатты боқтамағанын, соққыдан дене жарақатын алғанын айтты. 

Тоқтаңдар, атам, атам!» деген дауыс шықты. Сосын балаларға тақап атты мылтықты. Тұрып қалдым түсінбей. Нұрбол курткасын лақтырды. Нұрболдың артынан бара жатып едім бір бала құлап жатты. Бір бала скорый, скорый деп айқайлап жатты. Сол жерде Нұрқанат барып құлады сол жерге. Бір балалар төбелесіп жатты. Шерзаттың достары ма білмеймін. «Қойыңдар, қойыңдар» дегенде бір-екі соққы алдым. Сосын төмен түсіп кетіп қалдым, – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты
Бүгін, 14:15

Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты

Марқұм сол аумақтағы кеңселердің бірінде бухгалтер қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша куәгердің бірі сотталушы Ернар Жиембаймен сөйлескен сәтін айтып берді
Шымкентте Руслан Берденовтің сотында кезекті куәгерлер жауап беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →