×

«Кастетпен ұрды»: Шерзат ісі бойынша сотталушы Әскентайдың түсініктемесі

«Шерзаттың қолында кастет болды»: Әскентай сотта болған жайтты баяндады
 

«Кастетпен ұрды»: Шерзат ісі бойынша сотталушы Әскентайдың түсініктемесі

Шерзат Полат ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында сотталушылардың бірі – Дархан Әскентай жауап берді. Ол марқұммен арада қандай жағдай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Сотта сөйлеген Әскентайдың айтуынша, ол сол күні телефонын қуаттауға Қаржаубайға берген. Кейін құрылғысын алып, ішіндегі хабарламаларды қарап тұрған сәтте Шерзат оның әрекетіне ашуланып, әкесіне бірдеңе айтты деп айыптаған.

«Шерзат менен "әкеме бірдеңе дедің бе?" деп сұрады. Мен не болып жатқанын түсінбей қалдым. "Әкеңнен сұрайық" дегенімде, Шерзат мені оң көзімнен кастетпен ұрып жіберді. Сол сәтте есімді жоғалтып алдым. Кейін Қаржаубай су алып шығып, бетімді жудық. Ол да ұлына ұрысып жатты. Жағдайым нашарлаған соң досым Нұрбол Тоқтаубаевқа хабарласып, "мені алып кет" деп өтіндім», – деді Әскентай.

Ол сотта марқұмның анасына қатысты ешқандай сөз айтпағанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Марқұм сол аумақтағы кеңселердің бірінде бухгалтер қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша куәгердің бірі сотталушы Ернар Жиембаймен сөйлескен сәтін айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →